Бектенов Қазақстандағы коммуналдық саланы цифрландыруды жеделдетуді тапсырды
© Фото: akorda.kz
Олжас Бектенов 2026 жылғы 28 шілдеде өткен Үкімет отырысында энергетика және коммуналдық салаларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруды жеделдетуді тапсырды. Сонымен қатар, ол өңірлерде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауды қатаң бақылауға алуды міндеттеді.
Үкімет басшысы ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында ерекше назар аударылуы тиіс үш негізгі бағытты атады.
"Бірінші бағыт – жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтау. Бүгінде өңірлердің басым бөлігі жоспарланған жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен. Сондықтан әкімдіктер биылғы жобалардың орындалуын ерекше бақылауда ұстап, барлық жөндеу жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар, 2027 жылға жоспарланған барлық өңірлік жобалар бойынша алдын ала дайындық жұмыстарын қазірден бастап жүргізіп, қажетті шараларды қабылдауды тапсырдым". Олжас Бектенов
Оның айтуыша, екінші бағыт – коммуналдық саланы цифрландыру үшін есептеуіш құралдарын толық орнату.
"Тұтынушылар толықтай есептеуіш құралдармен қамтамасыз етілмейінше, коммуналдық саланы толық цифрландыру мүмкін емес. Осыған байланысты Энергетика министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, әр өңір бойынша қанша есептеуіш құралын орнату қажет екенін қысқа мерзімде анықтауы тиіс. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігімен бірге бұл жобаларды 2029 жылға дейін жүзеге асыруға арналған нақты іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырдым",- деді ол.
Белгілі болғандай, үшінші бағыт – коммуналдық қызметтерге төленетін тұрғын үй көмегін автоматты түрде тағайындау.
Олжас Бектенов бұл процесті толық автоматтандыру үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды.
Оның айтуынша, қысқа мерзім ішінде бірыңғай есеп айырысу орталықтарын мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіру (интеграциялау) қажет. Бұл тұрғын үй көмегін тағайындау процесін жеңілдетіп, оны автоматты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:01, 28 шілде 2026
Тоқаев Ұлыбританияға жаңадан тағайындалған елші Әлібек Бақаевты қабылдады
-
14:53, 28 шілде 2026
Жол қозғалысы ережесіндегі өзгерістер, айыппұл мен ЖКО: Бас прокуратура жүргізушілерге үндеу жасады
-
14:44, 28 шілде 2026
ҰҚК мен байланыс операторлары арасындағы келісімде не көрсетіледі
-
14:39, 28 шілде 2026
Қазақстан 2027 жылдың өзінде электр энергиясының профицитіне шығады - министр
-
14:26, 28 шілде 2026
Елордада полиция көлік фараларын ұрлау дерегін ашты





