Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

19:52, 28 шілде 2026
MKZ: 1558489

© Сурет: olympic.kz

Қазіргі таңда Оралда садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа еліміздің түрлі өңірлерінен 250-ден астам спортшы, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері қатысуда.

Чемпионаттың жүлделері ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында сарапқа салынады. Ең үздік мергендер халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Республикалық жарыс "Жастар" стадионында өтіп жатыр және 1 тамызда аяқталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!