Қазақстан стенд атудан Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде сегізінші орын алды

20:24, 28 шілде 2026
MKZ: 1558492

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық спортшылар Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан стенд атудан Әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наргиза Сарманова мен Марк Почивалов аралас командалар арасындағы "трап" бағдарламасында сегізінші орынға тұрақтады. Финалға үздік төрт команда ғана жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша Аустралия құрамасы жеңіске жетті. Қытай екінші орын алса, Италия үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандықтар Даниил Почивалов пен Элеонора Ибрагимова 17-орынға тұрақтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!