29 шілдеде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 29 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақаталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 35 градус қатты ыстық.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Астанада күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 29 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:24, 28 шілде 2026
Қазақстан стенд атудан Қытайдағы Әлем кубогы кезеңінде сегізінші орын алды
-
19:52, 28 шілде 2026
Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды
-
19:26, 28 шілде 2026
Алматының бір ауданында жыл басынан бері 1 500-ге жуық заңсыз маңдайша алынып тасталды
-
19:10, 28 шілде 2026
ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды
-
19:04, 28 шілде 2026
Қазақстандық шпагашылар Гонконгтағы әлем чемпионатының 1/8 финалында сынға түсті





