Павлодарда автобус трамвай бағанына соғылып, жүргізушісі қаза тапты

12:33, 19 мамыр 2024

© Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Павлодарда 18 мамырда "ЖЭО-2" жұмысшыларын тасымалдауға арналған автобус трамвай бағанына соғылып, жүргізушісі қаза тапты. Полиция жол апатына жүргізушінің жүрек талмасының ұстауы себеп болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлады Zakon.kz.

Жол апаты Назарбаев-Қазправда көшелерінің қиылысында болған.

"Қазправда көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, трамвай бағанына соқтығысты. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды. Жол апатының алдын-ала себебі - жүрек талмасы. Өзге мән-жайлар анықталуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады жергілікті полиция департаменті.

Алматыда 17 мамырда Медеу маңында жол апаты орын алды. Жүргізуші мен жолаушы зардап шекті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!