Еңбек министрлігі зейнетақы төлемдері жайлы маңызды ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

22:14, 17 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік бюджеттен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәсілдері өзгеретіндігі туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ақпарат тарап жатыр. Еңбек министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарлама авторы ведомствоаралық комиссия еңбек өтіліне қарай базалық зейнетақы төлемінің орнына 39 мыңнан 45 мың теңгеге дейін зейнетақыға қосымша төлеуді енгізу туралы заң жобасын әзірленіп жатқанын айтады.

17 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып, Қазақстанда зейнетақы төлемдері мынадай үш құрамдас бөліктен қалыптасатынын хабарлады: базалық, бірлескен және жинақтаушы бөлік.

Базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен барлық азаматтарға тағайындалады. Оның мөлшерін айқындау кезінде зейнеткерлік жасқа жеткен күнгі барлық еңбек өтілі ескеріледі. 10 жыл және одан аз өтілі үшін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65 пайызын немесе 28 215 теңгені құрайды. Ал ең жоғары мөлшері биылғы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 пайызын немесе 45 578 теңгені құрайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсуімен базалық зейнетақы мөлшері артады.

Жасына байланысты зейнетақы немесе оны ынтымақты зейнетақы деп атайды, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде алты ай еңбек өтілі бар азаматтар алады. Оның мөлшері осы кезеңге дейінгі жұмыс өтіліне және орташа айлық табысқа байланысты. Жыл сайын ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен екі пайызға озып индекстеледі.

Жинақтаушы зейнетақы міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысатын адамдарға төленеді. Жинақтаушы зейнетақының мөлшері жүйеге қатысу кезеңіне және зейнетақы жинақтарының көлеміне байланысты. Ол неғұрлым көп жиналса, зейнетақы мөлшері соғұрлым жоғары болады.


"Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз". ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!