Цифрлық даму министрі Қазақстанның өз әлеуметтік желісін құруға қауқары жетпейтінін айтты

21:57, 17 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылы 17 қазанда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстанның өз әлеуметтік желісін құру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаслан Мәдиев барлық ел өздерінің әлеуметтік желісін құруға ұмтылмайтынын баса айтты.


"Әлемде 200-ге жуық мемлекет бар. Ал әлеуметтік желілер саусақпен санарлық. Әр ел өзінің әлеуметтік желісін, өз мессенджерін құруға ынталы емес. Мұндай технологияны жасау, технологиялық және ақпараттық жағынан қауіпсіз ету, бәсекеге қабілеттілігін дамыту орасан зор ресурстарды талап етеді. Платформа қауіпсіз болмаса, оны кім пайдаланады?", – деді министр.

Бұған дейін министр Жаслан Мәдиев "Қазақстанда TikTok-ты бұғаттау мүмкін бе" деген сұраққа жауап берген еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!