Паралимпиада жүлдегері жерлестерін дауыс беруге шақырды

11:48, 6 қазан 2024

© Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Токиода өткен жазғы паралимпиада ойындарында жүзуден қола медаль иегері атанған Нұрдаулет Жұмағали №20 дауыс беру учаскесіне арнайы келіп дауыс берді.

Саяси науқанның ел болашағы үшін маңызды екендігіне баса назар аударған паралимпиада ойындарының жүлдегері дауыс берушілерді белсенділік танытуға шақырды.

"Бүгін біз ұлт болашағы үшін таңдау жасаудамыз. Референдум халқымыздың саяси белсенділігін арттырып, азаматтық қоғам құндылықтарын айқындай түседі", - деді Нұрдаулет Жұмағали.

Сөз соңында паралимпиада жүлдегері барша жерлестерді таңдау жасауда белсенділік танытуға шақырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!