Өзбекстанда қажылыққа қатысты алаяқтық әшкереленді
© Сурет: Facebook/iiv.uz
Өзбекстан Республикасында Умра қажылығын өтеуді жоспарлаған азаматтарға заңсыз сапарлар ұйымдастырған тіркелмеген туристік агенттіктің қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Туристік агенттік "Jalolquduq Aviatrans" атымен танымал болған. Оның қызметін шамамен 20 мыңға жуық адам пайдаланған. Алаяқтар қажылыққа барушылардан жалпы сомасы 22,8 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы жинаған. Бұл ақпаратты 8 қаңтарда Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Telegram-арнасында жариялады.
Компанияның заңсыз әрекеттері ірі қаржылық заңбұзушылықтарға әкелген:
- салықтар мен міндетті төлемдерден жалтару сомасы 15,3 млрд сумнан асты;
- мемлекетке келтірілген жалпы залал 1,8 млрд сум деп бағаланды.
Қажыларды қабылдауға қажетті жағдай мен дайындықтың болмауы салдарынан Сауд Арабиясында 534 Өзбекстан азаматы қиын жағдайға тап болған.
"Оларды Өзбекстанға қайтару үшін арнайы рейстер ұйымдастыруға тура келді", – делінген ақпаратта.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстық схеманы ұйымдастыруға қатысы бар 13 адам ұсталды, тағы бір тұлға жауапкершілікке тартылды.
Бұған дейін Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау схемасы әшкереленгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:10, 9 қаңтар 2026
10 қаңтарда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
21:41, 9 қаңтар 2026
Қазақстандықтар әскерге жарамдылық туралы анықтаманы енді eGov-тан ала алады
-
21:11, 9 қаңтар 2026
Теміртауда жолаушылар арасындағы жанжал кісі өлімімен аяқталды: алқабилер соты үкім шығарды
-
20:50, 9 қаңтар 2026
Биатлоннан Германиядағы Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтар спринтте қандай нәтиже көрсетті
-
20:03, 9 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті оңайлатылған режимге өтуден бас тарту себептерін түсіндірді





