Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге арналған жаңа марапаттарды бекітті

12:26, 17 қараша 2026
MKZ: 1578146

© Фото: pixabay

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, жұмыскерлердің әл-ауқатын арттырған үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің "Парыз" арнайы сыйлықтары берілуі мүмкін екені нақтыланды.

Сондай-ақ қағидалар мынадай жаңа нормалармен толықтырылды:

Конкурстың ең жоғары марапаты – Гран-при өз қызметінде және корпоративтік әлеуметтік әрі экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

Гран-при "Ірі кәсіпкерлік субъектісі" және "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі" санаттары бойынша табысталады.

Жарлық 2026 жылғы 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!