«Ордабасы» футболшысы ҚПЛ-дің ең қымбат ойыншысы атанды

12:44, 17 қараша 2026
MKZ: 1578154

© Сурет: instagram/amir_zhassulan

Шымкенттің "Ордабасы" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жасұлан Әмір Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшылар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының жазуынша, Transfermarkt порталы деректерін жаңартқаннан кейін 19 жастағы футболшының нарықтық құны 2,5 миллион еуроға (1,2 млрд теңге) дейін өскен.

Жасұлан Әмір Қазақстан құрамасындағы дебютін 2026 жылғы 6 маусымда Арменияға қарсы өткен жолдастық кездесуде жасады. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Бір жаңарту барысында Шымкент клубының түлегінің трансферлік құны бірден 2 миллион еуроға өсті. Бұған дейін оның бағасы 500 мың еуро болған.

Әмір рейтингтің бірінші сатысын "Астана" клубының босниялық жартылай қорғаушысы Иван Башичпен бөлісті. Оның да нарықтық құны 1 миллион еуроға өсіп, 2,5 миллион еуроға жетті.

Үшінші орынға 1,2 миллион еуро бағаланған екі футболшы жайғасты. Олар – алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков (400 мың еуроға қымбаттаған) және "Ордабасы" қорғаушысы Ги-Марселен Килама (200 мың еуроға өскен).

Тағы төрт футболшының нарықтық құны 1 миллион еуроны құрайды. Олар: "Астана" ойыншысы Мақсат Абраев, "Ордабасының" Давид Абаньясы, "Қайраттың" Жоржиньосы және "Ақтөбенің" Пабло Альваресі.

Ал Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Артур Шушеначев ("Ақтөбе"), Даниэль Соса ("Ақтөбе"), Виталий Лисакович ("Тобыл") және Алекса Аманович ("Ордабасы") 900 мың еуроға бағаланып отыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 16 қарашада Қазақстанның 2026 жылғы вице-чемпионы атанған алматылық "Қайрат" португалиялық қорғаушы Луиш Матамен келісімшартты ұзартқанын мәлімдеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!