Қазақстанда автонесиеге сұраныс азайды ма: вице-министр жауап берді
© Фото: freepik
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков 2026 жылғы 17 қарашада үкіметте өткен брифингте автолизингтің қолайлылығы мен халық арасындағы сұранысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әр азамат көлікті қандай тәсілмен сатып алатынын өзі шешеді.
"Өнеркәсіп министрлігі ретінде біз азаматтарға көлік сатып алудың қолайлы жолдарын ұсынуға мүдделіміз. Соның бірі – қаржылық лизинг. Біз статистикалық көрсеткіштерді арттыруды мақсат етпейміз. Бастысы – халыққа көлік сатып алуды жеңілдету және таңдау мүмкіндігін беру. Қазір қазақстандықтарға автолизинг қолжетімді", – деді Олжас Сапарбеков.
Вице-министр көлік бағасының арзандауына байланысты автонесиеге сұраныс төмендеп жатқаны туралы кейбір сарапшылардың пікіріне де тоқталды.
"Несие алу, бөліп төлеу мүмкіндіктері бар. Түрлі пікір айтылып жүр. Бұл мәселені талдап отырған сарапшылардың қай саланың мамандары екенін түсіну қажет. Дегенмен, айтқанымдай, біз халыққа қолайлы болуы үшін барлық қажетті жағдайды жасап жатырмыз", – деп қосты ол.
Бұған дейін Қазақстанда жеке тұлғаларға арналған автолизинг іске қосылғанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:52, 17 қараша 2026
Қазақстанда ғарышкерлерді іріктеу қағидаларына қандай өзгерістер енгізілді
-
11:42, 17 қараша 2026
Хромтауда дәмханаға келгендерге әдепсіз ишара көрсеткен ер адам 5 тәулікке қамалды
-
11:34, 17 қараша 2026
Жамбыл облысында танысын пышақтаған ер адам мемлекетке 436 мың теңге өтейтін болды
-
11:27, 17 қараша 2026
17 қарашадағы Астана мен Алматының ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамдары
-
11:13, 17 қараша 2026
Қазақстанда шетелдік құжаттарды заңдастыру: Конституциялық сот түсініктеме берді





