ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

19:10, 28 шілде 2026
MKZ: 1558482

© Сурет: ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Шығыс Қазақстан облысында 22 жастағы жігіт рақымшылық жасау туралы заңға сәйкес жазасын әрі қарай өтеуден босатылды.

Бұған дейін ол қызының анасының алтын алқасын сүйіктісімен бірге ломбардқа өткізіп жібергені үшін бір жылға бас бостандығы шектеу жазасына сотталған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жағдайды білген қыздың анасы полицияға арызданған.

Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін жас жігіт екі айға жуық пробация қызметінің есебінде тұрған. Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық туралы заңға байланысты қызмет мамандары қажетті құжаттарды дайындап, сотқа жолдаған.

Сот өтінішті қанағаттандырып, сотталған азаматты сот залында жазасын әрі қарай өтеуден босатты. Отырыстан кейін жас жігіт болған жағдайдың өзіне үлкен өмірлік сабақ болғанын айтты. Оның сөзінше, қызға деген сенімі қылмыстық іске және соттылыққа алып келген, ал рақымшылық оған өмірін жаңадан бастауға мүмкіндік берді.

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, өңірде рақымшылық туралы заңды жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде заң талаптарына сай келетін сотталғандарға қатысты шамамен 300 материал сотқа жолданған. Олардың басым бөлігі жаза мерзімін қысқартуға қатысты болса, 50-ден астам адам сот шешімімен жазасын толық өтеуден босатылуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!