«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы референдумда дауыс берді

12:26, 6 қазан 2024

© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов Алматыда өткен референдумда дауыс берді.

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Дос-Мұқасан" ансамблінің көркемдік жетекшісі және негізін қалаушы, композитор Мұрат Құсайынов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.

Ол Алматыдағы Орталық стадион аумағында орналасқан № 262 сайлау учаскесіне келді.

"Бүгін біздің мемлекетіміз үшін айтулы күн. Ел бірлігі біздің қолымызда. Мен референдумға келіп, елдің мүдделері мен азаматтардың әл-ауқатын басшылыққа ала отырып, өз таңдауымды жасадым. Бұл біздің еліміздің және біздің ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт", - деп атап өтті танымал композитор.

Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауысын бере алады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!