Олжас Бектенов еліміздегі АЭС салу жөніндегі референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді

07:17, 6 қазан 2024

© Сурет: Zakon.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов еліміздегі атом электр стансаларын салу жөніндегі референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада Премьер-Министр Олжас Бектенов Оқушылар сарайындағы сайлау учаскесінде дауыс берді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірде барлық 10 249 учаске дауыс беруге кірісті.

84 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Тізімдерге 12 млн. 244 мың 683 азамат енгізілді.

Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 10 623 есептен шығару куәлігін берді.

Республикада 10 323 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 59 елде 74 учаске орналасқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!