Тоқаевтың қазіргі Үкімет жұмысына көңілі тола ма

10:09, 6 қазан 2024

© Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына брифинг барысында "Қазіргі Үкіметтің жұмысына көңіліңіз тола ма?" деген сұрақ қойылды.


"Менің ойымша, Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы ретінде қойған міндеттерімді орындауға тырысады. Жұмысымыз өте қауырт. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына көріне бермеуі мүмкін. Ақпараттарды жан-жақтан алып отырамын. Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Сондықтан елдегі барлық оқиғадан әрқашан хабардармын. Министрлердің және Үкіметтің жұмысында кемшін кетіп жатқан тұстар болса, әлбетте, ескертемін. Жеті ай деген көп уақыт емес. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керек. Ең басты міндет – ел экономикасының дамуына серпін беретін мүмкіндіктерді іздеу", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!