Қазақстан-Ресей шекарасындағы жүк көліктері кептелісіне қатысты түсініктеме берілді
© Сурет: primeminister.kz
Ақтөбе облысындағы "Жайсан" өткізу пунктінің алдында Ресей Федерациясы бағытынан ағылған жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болғаны туралы БАҚ-тарда ақпарат жарияланды. Аталған жайтқа қатысты Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті 4 қазанда кешкісін "Жайсан" өткізу пунктінде жүк автокөліктерінің кептелісі байқалмайтынын, өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын нақтылап, ақпарат таратты.
"Күні бойы Ресей Федерациясына шекарадан өтуді күткен жүк автокөліктерінің саны 50-ден аспады. Тәулігіне орта есеппен "Жайсан" өткізу пункті арқылы 1,6 мыңнан астам жүк және жеңіл автокөліктер өтеді. Шекараның қазақстандық жағында "Жайса"» өткізу пунктінде әр бағытта 4 жол белдеуі, Ресей жағында "Сагарчин" өткізу пунктінде бір жол белдеуі жұмыс істейтінін атап өту қажет", делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жұмыс штаттық режимде жүргізіледі, өткізу пунктінде барлық құжаттарды тіркеу терезелерінің жұмысы қамтамасыз етіледі, 4 қызметкер тұрақты негізінде жұмыс атқарады, өткізу пункті шегінде жүргізушілер мен автокөліктердің кептелісі жоқ.
Айта кетсек, КТК телеарнасына жүк көліктерінің жүргізушілері хабарласып, "Жайсандағы" кептеліс мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің кесірінен орын алғанын, өйткені ол арада тек бір терезе жұмыс істеп жатқанын, салдарынан жүк көліктері 1,5-2 күнге дейін шекарада қалып қойып жатқанын айтқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:36, 18 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
-
12:35, 18 желтоқсан 2025
Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілді
-
12:24, 18 желтоқсан 2025
Жаңа жылдық құттықтау файлдары: ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
-
12:12, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілді
-
12:08, 18 желтоқсан 2025
Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтірген





