Биылғы су тасқынынан кейін қандай қорытынды жасалды? Тоқаев жауап берді

10:04, 6 қазан 2024

© Сурет: akorda.kz

Журналистер Президенттен биыл көктемдегі алапат су тасқынынан кейін қандай қорытынды жасалғанын сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент тиісті қорытынды жасалғанын және мұндай табиғат апаты бүкіл жер шарында болып жатқанын айтты.


"Жақында ғана Орталық Еуропада алапат тасқын өтті. Оның алдында АҚШ пен Вьетнамда дауыл болды. Сондықтан мұндай апаттарды алдын ала болжау қиын. Дегенмен ондай жағдайға дайын болып, қажетті шаралар қабылдау маңызды. Қазақстан ешкімнің көмегінсіз тасқынның салдарын еңсере алды. Мұны ашық айту керек. Біз адам және қаржы ресурстарын осы іске жұмылдырдық. Үкімет пен әкімдер белсенді жұмыс істеді. Оның нәтижесін көріп отырсыздар. Алапат тасқын кезінде зардап шеккен азаматтар жаңа баспанамен қамтылды. Мен бұған дейін ешкім назардан тыс қалмайды деп уәде бердім. Жалпы алғанда, біз бұл мақсатты орындадық", - деді Мемлекет басшысы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!