Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жаңа қызметке тағайындалды
© Сурет: olympic.kz
Дмитрий Баландин Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының кезектен тыс конференциясы барысында ұйымның бас хатшысы қызметіне жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин тағайындалды.
Сергей Дроздовтың бас хатшы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәлімдемесінен кейін конференция қатысушылары Баландиннің кандидатурасын бірауыздан қолдады.
"Дмитрий Баландиннің тағайындалуы – оның спорттағы орасан зор жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар федерацияны жаңғырту мен институционалдық тұрғыдан нығайтудың маңызды қадамы. Біз оның кәсібилігі мен беделі еліміздегі су спорты түрлерінің дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз", - деді Федерация президенті Нұрлан Жақыпов.
Дмитрий Баландин – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, Азия ойындары мен халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.
2021 жылдан бастап ол жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасында жаттықтырушы және кеңесші ретінде белсенді жұмыс істеп келеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:44, 2 мамыр 2026
Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
17:15, 2 мамыр 2026
Түнде сыра сатқан: Алматыда кәсіпкер жауапқа тартылды
-
16:52, 2 мамыр 2026
Синоптиктер 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды
-
16:19, 2 мамыр 2026
Германия жағалауында тұралап қалған кит Атлант мұхитына жіберілді
-
15:54, 2 мамыр 2026
Түркістан облысында көпірді су алып кеткеннен кейін полицейлер 78 адамды эвакуациялады





