Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан Азия ойындарында күміс медаль иеленді
© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зілтемірші 95 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Нұрғиса жұлқа көтеруде 177 келіні, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 394 келіні еңсеріп, күмістен алқа тақты.
Ирандық Али Алипур алтын медаль жеңіп алды - 398 (180+218) келі. Ал қытайлық И Ту қола медальға ие болды - 384 (179+205) келі.
Айта кетейік, бұған дейін Алексей Чуркин (85 келіге дейін) күміс алған еді. Сондай-ақ жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарында күміс медаль еншіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 28 қыркүйек 2026
Жеңімпаздарына 10 млн теңге сыйақы уәде ететін «Жылдың 10 оқырманы» жобасы тізгін қақты
-
18:00, 28 қыркүйек 2026
Желіде Маңғыстау облысында тағы бір сарбаздың өлімі туралы фейк ақпарат пайда болды
-
17:46, 28 қыркүйек 2026
Қазақстан БҰҰ Конгресінде заңдылықты нығайту және қылмыстың алдын алу тәсілдерін ұсынды
-
17:36, 28 қыркүйек 2026
Қазақстанда балаларға арналған жеке қауіпсіздік сабақтары жаңартылды
-
17:30, 28 қыркүйек 2026
Алаяқтар ақша ұрлау үшін курьер және eGov-пен байланысты жаңа схеманы ойлап тапқан





