Неонатологтар: Қазақстанда сәби өлімі 32% төмендеді
© Фото: unsplash
Елімізде соңғы 10 жылда сәби өлімі 32 пайызға төмендеді. Бұл перинаталдық орталықтардағы медициналық көмек сапасының жақсаруымен байланысты, дейді мамандар.
Алматыда алғаш рет Неонотологтар конгресі басталды. Жиынға әлемнің жеті елінен жетекші мамандар қатысты. Шарада жаңа туған нәресте ағзасының түрлі инфекциялармен күресуі, қатерлі жүктілік кезінде сәбиді аман алып қалу жолдары айтылды.
Сондай-ақ шала туған шақалақты оңалту, оларға көрсетілетін алғашқы медициналық көмек түрлері ұсынылды. Жиын барысында отандық неонотология саласында ғылыми жобалар мен зерттеулер жүргізу, жаңа технологияларды тартудың тәсілдері де талқыланды, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазіргі уақытта елімізде мыңнан аса неонатолог бар. Ал шалғай аудандарға әлі 80-нан аса дәрігер жетіспейді.
"Сапаны арттыру арқылы өлім көрсеткішінің төмендеуіне әсер етіп жатырмыз. Яғни орташа 4 промилле еуропалық көрсеткіштерге сәйкес. Бұл Орта Азия мемлекеттерімен салыстырсақ, ең төменгі көрсеткіш болып табылады. Жылдан жылға неонатолог мамандар медициналық университеттерден шығарылып жатыр." Бектұрған Қарин, Қазақстан акушер-гинекологтары мен неонатологтары конгресінің президенті
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:02, 25 қыркүйек 2024
Қар аралас жаңбыр: синоптиктер елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
18:42, 25 қыркүйек 2024
Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізін тәркіледі
-
18:37, 25 қыркүйек 2024
Астананың сол жағалауында шыққан өрттің видеосы тарады
-
18:11, 25 қыркүйек 2024
Үстел теннисінен Астанадағы Азия чемпионатының толық жарыс кестесі
-
17:47, 25 қыркүйек 2024
Бектенов Ақтау, Құрық теңіз порттарын дамыту жоспарымен танысты