Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-2024: Едіге Емберді алтын медаль иеленді

21:53, 24 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/iwfnet

Едіге Емберді ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионаты Испанияның Леон қаласында өтіп жатыр.

Айта кетсек, 2022 жылы 73 келіге дейінгі салмақта спортшы жасөспірімдер арасында жаңа әлемдік рекорд орнатқан болатын. Қоссайыс қорытындысы бойынша Едіге Емберді 306 келіні (134+172) көтерді.

Бұған дейін хабарланғандай, ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков 2024 жылғы жастар чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!