Астананың сол жағалауында шыққан өрттің видеосы тарады

18:37, 25 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Астананың Есіл ауданындағы Ұлы дала даңғылы мен Әл-Фараби көшесіндегі құрылыс нысандарының бірінде битум өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

25 қыркүйекте Қазнетте Астананың сол жағалауында шыққан өрттің видеосы тарады.

Видеода өрттен шыққан қара түтінді көруге болады.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

"Өрт 10 шаршы метр алаңда сөндірілді. Нақтыланған ақпарат бойынша жаңадан салынып жатқан нысанның аумағында іргетас жылытқыш пен битум өртенді". Төтенше жағдайлар министрлігі

Зардап шеккендер жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!