Қазақстанда еңбек мигранттарының саны өсті: олар қайда жұмыс істейді
© Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстанда қанша шетелдік азамат жұмыс істейтіні туралы айтты. Өткен аймен салыстырғанда олардың саны өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 346 шетел азаматы еңбек етеді.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:
- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 577 рұқсат (бірінші санат),
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 591 рұқсат (екінші санат),
- үшінші санаттағы маандар — 5 190 адам,
- төртінші (білікті жұмысшылар) — 636 адамға рұқсат.
"Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 924 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 428 адам тартылды".Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 812 жұмыс беруші бар. Оларда 391,7 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,8% — ы.
Шетелдіктер келесі қызмет түрлерінде жұмыс істейді:
- құрылыс саласында – 4 905 адам,
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 870 адам,
- әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 503,
- тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 361 адам,
- өңдеу өнеркәсібі – 1 337 адам
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 267 адам, Өзбекстан – 2 080 адам, Түркия – 946 адам, Үндістан – 885 адам.
Ведомство Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөлетіндігін еске салды. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:56, 25 қыркүйек 2024
Алматылықтарды атыс пен жарылыс дыбыстарына алаңдамауға шақырды
-
13:47, 25 қыркүйек 2024
Түркістан облысында полицейлер жүргізушінің көлігінен есірткі тәркіледі
-
13:38, 25 қыркүйек 2024
Қырғызстан парламенті Асқар Ақаевтың мәртебесін қалпына келтіруден бас тартты
-
13:27, 25 қыркүйек 2024
Түркістандық полицейлер дүкен сатушысынан тыйым салынған 90-нан астам вейп тәркіледі
-
13:19, 25 қыркүйек 2024
Семейде шенеунік 4 мың теңге пара алғаны үшін үлкен айыппұл арқалады