Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып Еркінбек Әмірғалиев тағайындалды
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып Еркінбек Рахымбайұлы Әмірғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еркінбек Әмірғалиев 1981 жылы 4 ақпанда дүниеге келген. 2003 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер, құқықтану магистрі мамандығы бойынша. Ағылшын және француз тілдерін біледі.
Еркінбек Әмірғалиев мемлекеттік органдарда айтарлықтай жұмыс тәжірибесіне ие. Оның еңбек жолы 2004 жылы Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының сот отырысы хатшысының м.а. лауазымынан басталды. Кейінгі жылдары Әділет министрлігінде, Денсаулық сақтау министрлігінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінде, сондай-ақ ҚР Жоғарғы Сотында бірқатар негізгі лауазымдарды атқарды.
Соңғы жылдары Еркінбек Әмірғалиев Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:09, 25 қыркүйек 2024
Бибісара Асаубаева Ұлттық құраманың тарихи жеңісінен кейін жанкүйерлеріне әсерлі жазба арнады
-
11:53, 25 қыркүйек 2024
Қарағандыда зейнеткердің шотынан танысы үнемі ақша ұрлап отырған
-
11:45, 25 қыркүйек 2024
Алматыда жол негізінің температурасы мен ылғалдылығын өлшейтін датчиктер орнатылды
-
11:37, 25 қыркүйек 2024
Қазақстанда реттелетін қызметтер тізбесіне өзгерістер енгізілді
-
11:25, 25 қыркүйек 2024
Қазақстанда еңбек мигранттарының саны өсті: олар қайда жұмыс істейді