Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізін тәркіледі

18:42, 25 қыркүйек 2024

© Сурет: видео скрині

Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қосбармақ" қыстауында "Қарасора" операциясы барысында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылды.

Сондай-ақ тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді.

Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға сатпақ болған. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!