Ақмола облысында тас жолда жүк көлігінің кабинасы отқа оранды

19:34, 24 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

24 қыркүйекте Степногорск қаласы маңындағы Бестөбе ауылында жүк көлігінің кабинасы отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызыл жалын 2 шаршы метр ауданды қамтыды.


"Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оттың шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан Ресейден тікұшақ сатып алуы мүмкін" деп айтқаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!