Ақтөбе облысында Өзбекстаннан әкелінген 2,5 тонна шабдалы партиясының көзі жойылды
© Сурет: ҚР АШМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының инспекторлары Өзбекстаннан әкелінген шабдалы партиясынан карантиндік зиянкес – шығыс жеміс жемірін (Grapholita molesta Busck) анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Орталық кедендік ресімдеу пунктінде карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде салмағы 2,58 тонна жаңа піскен шабдалы партиясы тексерілді. Партия Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Янгиюль ауданынан автомобиль көлігімен жеткізілген болатын. Жеміс үлгілері іріктеліп, Ақтөбе аймақтық карантиндік зертханасына жіберілді. Сараптама шығыс жеміс жемірі барын растады". ҚР АШМ баспасөз қызметі
Карантиндік нысанның таралуына жол бермеу мақсатында залалданған өнімдерді оқшаулау және жою шаралары дер кезінде жүргізілгені де нақтыланады.
Айта кетсек, 14 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында сегіз вагон Ресей астығын елімізге кіргізбек болғандардың жолы кесілді. Ішкі нарықты қорғау мақсатында елімізге сырттан астық кіргізуге тыйым салынған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:37, 24 қыркүйек 2024
СҚО-да кеңінен қолданысқа ие екпені салған науқас бақилық болып кете жаздады
-
21:53, 24 қыркүйек 2024
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы ӘЧ-2024: Едіге Емберді алтын медаль иеленді
-
21:41, 24 қыркүйек 2024
Пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соғу оқиғасына қатысты тың мәліметтер жарияланды
-
21:28, 24 қыркүйек 2024
Алматыда жеңіл көлік қаққан ер адам оқиға орнында жан тапсырды
-
21:13, 24 қыркүйек 2024
Тоқаев пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрғандарды дереу жазалауды тапсырды