Моңғолия президенті жемқорлыққа қатысты айыптаулардан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді
© Сурет: Facebook/presidentMGL
2026 жылғы 17 қарашада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух өз еркімен отставкаға кетуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Моңғолия басшысы бұл шешімді мемлекеттік теміржол жобасынан қаржылық пайда көрді деген айыптаулардан кейін қабылдаған.
Президенттің Facebook-тегі ресми парақшасында оның бейнеүндеуі жарияланған.
"Бұл айыптаулардың бәрі жалған екенін дәлелдеу үшін қызметімнен кетіп, ар-намысым мен қадір-қасиетімді қорғауға дайынмын", – деді Ухнаагийн Хурэлсух.
Ол тергеумен ынтымақтасуға да дайын екенін жеткізді.
Mongolia Daily басылымының мәліметінше, айыптаулар Таван-Толгой – Гашуунсухайт теміржолын салуға арналған құпия тендерге қатысты. Саясаткерлер жалпы сомасы 110 миллион доллар пара алуы мүмкін деген болжам айтылған.
Оппозиция тергеу жүргізуге мүмкіндік беру үшін президент пен айыптауларда аты аталған өзге де шенеуніктердің отставкаға кетуін 16 қарашада талап еткен. Сонымен қатар Демократиялық партия депутаттары осы мәселеге қатысты уақытша парламенттік комиссия құруды ұсынған. Бастаманы 42 депутат қолдады. Олар Моңғолияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі 2019 жылдан бері шығарған барлық ұсынымды құпиясыздандыруға шақырды.
Моңғолия Конституциясына сәйкес, президенттің өкілеттігін тоқтату мәселесі Ұлы мемлекеттік хуралдың (парламенттің) қарауына беріледі. Отставка ресми түрде бекітілгеннен кейін кезектен тыс сайлау өткенге дейін президенттің өкілеттігі уақытша парламент төрағасына өтеді.
Ухнаагийн Хурэлсух 2021 жылғы 25 маусымнан бері президент қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол 2017–2021 жылдары Моңғолияның премьер-министрі болған. Сондай-ақ вице-премьер және Моңғол халық партиясының төрағасы қызметтерін атқарған.
2026 жылғы 11 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ухнаагийн Хурэлсухты Наадам ұлттық мерекесімен құттықтаған еді. Сол кезде мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен көпжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:48, 17 қараша 2026
Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі
-
10:22, 17 қараша 2026
«Бірі ұстап, екіншісі басынан тепкен»: Алматыда баланы ұрып-соғып, оны қорғаған анасының үстінен арыз жазған
-
10:15, 17 қараша 2026
Қазақстанда 13,5 миллион гектар жер қайта бөлінді: учаскелер кімдерге берілді
-
10:04, 17 қараша 2026
Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік мамандарының білімін тексеру тәртібі жетілдіріледі
-
09:59, 17 қараша 2026
Шотландиялық маман «Елімайдың» бас бапкері атанды





