Астанада цифрлық қауіпсіздік форумы басталды

10:04, 13 қазан 2026
MKZ: 1571991

© Сурет: Zakon.kz

Астанада "ҚМА-дан цифрлық қауіпсіздік сабақтары" форумы басталды. Іс-шара цифрлық алаяқтықтың заманауи тәсілдері мен олардан қорғану жолдарына арналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшылар дипфейктер арқылы алдау схемаларын талдап, дропперлік пен әлеуметтік инженерия туралы түсіндіреді.

Форумды Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен Zakon.kz интернет-басылымы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Қатысушыларға цифрлық алаяқтықтың заманауи схемаларының қалай жұмыс істейтіні көрсетіліп жатыр. Сарапшылар нақты мысалдар арқылы жалған контентті ажырату жолдарын түсіндіреді.

Бағдарламада аудиториямен ашық диалог та қарастырылған. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан жан-жақты жауап ала алады.

Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік саласындағы білімді тексеруге арналған тақырыптық зияткерлік сайыс ұйымдастырылады.

Жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған жалған суреттерге, бейнежазбалар мен аудиожазбаларға — дипфейктерге ерекше назар аударылып жатыр. Сарапшылар алаяқтардың азаматтарды алдау үшін қандай құралдарды пайдаланатынын да түсіндіреді.

Форумда талқыланып жатқан тағы бір тақырып — дропперлік. Бұл банк шоттары мен карталарын заңсыз қаржылық операциялар жүргізу үшін пайдаланумен байланысты.

Форумда кімдер сөз сөйлейді

Сарапшылар дипфейктер арқылы алдау схемаларын талдап, дропперлік пен әлеуметтік инженерия туралы түсіндіреді. Форумның онлайн көрсетілімі бүгін, 13 қазанда сағат 10:00-де басталады. Форумды Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен Zakon.kz интернет-басылымы Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр. Қатысушыларға цифрлық алаяқтықтың заманауи схемаларының қалай жұмыс істейтіні көрсетіліп жатыр. Сарапшылар нақты мысалдар арқылы жалған контентті ажырату жолдарын түсіндіреді. Бағдарламада аудиториямен ашық диалог та қарастырылған. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, мамандардан жан-жақты жауап ала алады. Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік саласындағы білімді тексеруге арналған тақырыптық зияткерлік сайыс ұйымдастырылып отыр. Жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған жалған суреттерге, бейнежазбалар мен аудиожазбаларға — дипфейктерге ерекше назар аударылып жатыр. Сарапшылар алаяқтардың азаматтарды алдау үшін қандай құралдарды пайдаланатынын да түсіндіреді. Форумда талқыланып жатқан тағы бір тақырып — дропперлік. Бұл банк шоттары мен карталарын заңсыз қаржылық операциялар жүргізу үшін пайдаланумен байланысты. Форумда кімдер сөз сөйлейді Форум спикерлері қатарында ММА бойынша әлем чемпионы Василий Тахтай, SitizenSec қаржылық қауіпсіздік сарапшысы Гүлдана Жұматай және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің офицері Гүлзия Қарсыбай бар. Форумды блогер әрі киберспорттық іс-шаралардың жүргізушісі Айгерім Дунамис пен ҚМА-ның ресми өкілі Ернар Тайжан жүргізіп отыр. Шақырылған қонақтар қатарында журналист Динара Сәтжан, миллионнан астам оқырманы бар блогер Нұргелді Кердеш, әнші Дастан Оразбеков, танымал қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, актриса әрі тележүргізуші Татьяна Турлай, блогер Хаким Мукарам және басқа да танымал тұлғалар бар. , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 10:04

Сурет: Zakon.kz

Форум спикерлері қатарында ММА бойынша әлем чемпионы Василий Тахтай, SitizenSec қаржылық қауіпсіздік сарапшысы Гүлдана Жұматай және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің офицері Гүлзия Қарсыбай бар.

Форумды блогер әрі киберспорттық іс-шаралардың жүргізушісі Әйгерім Дунамис пен ҚМА-ның ресми өкілі Ернар Тайжан жүргізіп жатыр.

Шақырылған қонақтар қатарында журналист Динара Сәтжан, миллионнан астам оқырманы бар блогер Нұргелді Кердеш, әнші Дастан Оразбеков, танымал қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы, актриса әрі тележүргізуші Татьяна Турлай, блогер Хаким Мукарам және басқа да танымал тұлғалар бар.

"Форум жастармен цифрлық қауіп-қатерлер туралы ашық әңгімелесуге мүмкіндік береді. Қатысушылар кең тараған алдау схемалары туралы біліп қана қоймай, қауіп-қатерді ажырату дағдыларын интерактивті форматта тексере алады", – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

"ҚМА-дан цифрлық қауіпсіздік сабақтары" форумының онлайн көрсетілімі:

Бұған дейін ҚМА 2025 жылы "Заң және тәртіп" нарративі аясында атқарған жұмысының қорытындысын шығарғаны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!