«Цифрлық үкімет» ұсынатын цифрлық платформалар тізбесі жаңартылды
© Фото: freepik
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 5 қазандағы бұйрығымен "цифрлық үкімет" операторы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне көрсететін цифрлық қызметтер тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түзетулер цифрлық платформаны ұсыну жөніндегі қызметтер тізбесіне енгізілген.
Нақтыланған тізбеге мыналар кіреді:
- Ұлттық биометриялық аутентификация жүйесі;
- мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы;
- "Smart Bridge" цифрлық платформасы.
Бұдан бөлек, тізбеде бұрынғыдай мына қызметтер сақталған:
- бұлтты құжат айналымы;
- "Е-өтініш";
- мемлекеттік органдардың электрондық пошта сервисі;
- мобильді жұмыс орны;
- сервистер витринасы;
- "Әлеуметтік әмиян".
Ал "Antitrust" бағдарламалық қамтылымы тізбеден алынып тасталды.
Бұйрық 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:15, 13 қазан 2026
«Әдемі жерлерге жақындатпай қоюға бола ма?!»: Алматы тұрғындарын Республика алаңындағы көрініс ашуландырды
-
15:01, 13 қазан 2026
Қазақстанға қанша медицина маманы қажет
-
14:55, 13 қазан 2026
–5°С-тан +26°С-қа дейін: қазанның ортасында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
14:43, 13 қазан 2026
Жол апатын полиция шақырмай қалай рәсімдеуге болады
-
14:37, 13 қазан 2026
Тексерулер мен ірі айыппұлдар: Алматы кәсіпкерлеріне шұғыл ескерту жасалды





