50 мың теңгеге дейін сыйақы ұсынады: ҚМА студенттерді дропперлікке қалай тартатынын айтты
© Фото: freepik
Қаржылық мониторинг агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Гүлзия Қарсыбай 2026 жылғы 13 қазанда өткен "ҚМА-дан цифрлық қауіпсіздік сабақтары" форумында жастардың алаяқтық схемаларға тартылу қаупі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Гүлзия Қарсыбайдың айтуынша, жастарды алаяқтық схемаларға тартудың ең кең таралған тәсілі – дропперлік.
"2026 жылдың басынан бері дропперлікке қатысы бар деген күдікпен 1 073 қылмыстық іс қозғалды. Нәтижесінде бұл әрекет үшін 299 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды", – деді ол.
Оның атап өтуінше, алаяқтық схемаларға көбіне студенттер тартылады. Кейін олар өз кезегінде достары мен курстастарын да осындай әрекеттерге үгіттей бастайды.
"Олар тартылған әр адам үшін 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейін сыйақы алады. Біздің мәліметіміз бойынша, студенттердің 13 мыңнан астам банк картасы дропперлік схемаларға тартылған. Мәселен, Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде 83 студент анықталды. Олардың 18-і бір факультетте оқиды. 24 студенттің банк картасы есірткі саудасына қатысты схемаларда пайдаланылған. Алматыдағы тағы бір жоғары оқу орнында жеті дроппер анықталды. Олардың бірі 2022 жылдан бері алты банктің картасын пайдаланып, 800 млн теңге аударған. Түркістандағы жоғары оқу орындарының бірінде 24 студент анықталды. Олардың 14-інің картасы есірткі саудасына қатысты схемаларда қолданылған", – деді спикер.
Оның түсіндіруінше, дропперлер – алаяқтар ұрлаған ақшаны қабылдау, аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін өздерінің банк карталары мен шоттарын пайдаланатын делдалдар.
Осыған байланысты ол жастарды оңай әрі жоғары табыс уәде ететін жұмыс ұсыныстарына сенбеуге шақырды.
"Оларға онлайн жұмыс, толық емес жұмыс күні ұсынылады. Сонымен қатар кез келген екінші деңгейлі банктің картасы болуы керек екенін айтады. Мұндай жұмысқа келіспеңіздер. Әлеуетті жұмыс берушілер туралы ақпаратты әрдайым ашық дереккөздерден тексеріңіздер. Ең бастысы – банк карталарыңыздың деректерін бермеңіздер және дроппер болу туралы ұсыныстарға келіспеңіздер", – деді ол.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:53, 13 қазан 2026
Қазақстан Еуропаға қандай шикізат жеткізеді? Тоқаев Бельгиямен жаңа жобаларды атады
-
18:51, 13 қазан 2026
Қазақстан өнімдері Еуропа нарығына жол ашуы мүмкін: Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады
-
18:47, 13 қазан 2026
Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты
-
18:28, 13 қазан 2026
Юлия Путинцева Уханьдағы WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
-
18:12, 13 қазан 2026
Бельгия королі мен патшайымы Алматыға келеді: қалада жол қозғалысы шектеледі





