Астаналықтар көрмеген пәтерлері үшін 5,3 млрд теңге төлеген
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты жылжымайтын мүлікке қатысты аса ірі алаяқтық жасады деп айыпталған тоғыз сотталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотта анықталғандай, 2020 жылдың желтоқсанынан бастап топтың нақты басшысы болған Ш. есімді сотталушы басқа сегіз адаммен бірге құрылыс компанияларының атын жамылып, азаматтардан "R-Club" және "R-Club Deluxe" тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алу үшін ақша жинаған.
"2022 жылғы 23 ақпан мен 2023 жылғы 19 шілде аралығында жалған брондау шарттарын жасау арқылы 135 жәбірленушіге жалпы сомасы 5,14 млрд теңге болатын материалдық залал келтірілген", — деп хабарлады Астананың қылмыстық істер жөніндегі соты 2026 жылғы 12 қазанда.
Бұдан бөлек, кейбір сотталушылар Астанадағы салынып жатқан "Arai Apartments" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді қайта сатқан. Соның салдарынан бес жәбірленушіге 228 млн теңге көлемінде залал келтірілген.
Барлық эпизод бойынша жалпы шығын 5,36 млрд теңгеден асты. Келтірілген залал өтелмеген. Сотталушылар өз кінәсін мойындамады.
Сот топтың негізгі фигурантына мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қалғандары 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге сотталды.
Сотталғандардың қылмыстық жолмен тапқан мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қазақстанның Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті азаматтарға салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу кезінде мәміленің сәтті өтуі үшін нені ескеріп, нені тексеру керектігін түсіндірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:55, 13 қазан 2026
13 қазандағы саудада доллар бағамы тағы төмендеді
-
15:45, 13 қазан 2026
2 мыңға жуық жасырын орын, 90 млн теңге айналым: Астанада есірткіні Telegram арқылы сатқандар сотталды
-
15:33, 13 қазан 2026
Шетелде некеге тұру үшін Қазақстанда анықтаманы қалай алуға болады
-
15:24, 13 қазан 2026
Қазақстанның тағы төрт тасжолында орташа жылдамдық тіркеле бастайды
-
15:15, 13 қазан 2026
«Әдемі жерлерге жақындатпай қоюға бола ма?!»: Алматы тұрғындарын Республика алаңындағы көрініс ашуландырды





