Бүлдіршін қызды зорлаған 14 жасар қазақстандық 10 жылға түрмеге тоғытылды
© Фото: Zakon.kz
Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелет жасқа толмаған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот мәліметіне сүйенсек, сотталушы 2025 жылғы 7 шілде күні жәбірленуші жас баланы көшеде көріп, әңгімеге тарту арқылы алдап, көпірдің астына алып барып, жәбірленушінің қарсылық көрсеткеніне қарамай, күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, зорлаған.
Прокурор сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұраған. Ал, жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыға қатаң жаза тағайындап, одан 20 млн теңге моральдық зиянды өндіруді сұрады. Өз кезегінде, сотталушы тағылған айыпты ішінара мойындап, жеңіл жаза тағайындауды өтінген.
"Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауаптарымен, куәлердің жауаптарымен, сот сараптама қорытындыларымен және істің басқада құжаттарымен толық дәлелденді",- делінген ақпаратта.
Осылайша, 2025 жылғы 23 желтоқсандағы сот үкімімен кәмелет жасқа толмаған сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жазасын "кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерінде" өтеу белгіленді.
Сонымен қатар, моральдық зиян ретінде 8 млн теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:27, 25 желтоқсан 2025
Президент: Бизнесі мықты мемлекеттің халқы – бақуатты, қоғамы тұрақты болады
-
16:21, 25 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған, жұртымыз үшін орны айрықша шаһар
-
16:17, 25 желтоқсан 2025
БЖЗҚ-дан артық қаражатты алу: Ұлттық банк қазақстандықтарға кеңес берді
-
16:04, 25 желтоқсан 2025
Түркістанда толық циклді тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта агроөнеркәсіптік кешені іске қосылды
-
15:51, 25 желтоқсан 2025
25 желтоқсандағы сауда барысында доллар бағамы өсті





