Полиция Қазақстан бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті: ІІМ себептерді атап көрсетті
© Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Қазақстан полициясы Жаңа жыл мерекелеріне байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтып берді.
"23 желтоқсаннан бастап полиция күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жеке құрамның саны ұлғайтылды, мемлекеттік және стратегиялық аса маңызды нысандардың қауіпсіздігі күшейтілді. Патрульдік маршруттар қару-жарақ дүкендері мен түзеу мекемелеріне жақын орналастырылды.Ойын-сауық орындарының жанында қосымша тәртіп жасағы қойылды. Резервтер дайындыққа келтірілді. Азаматтардың заңды және қауіпсіздік шараларын сақтауын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық науқандар ұйымдастырылды",— деді Игорь Лепеха.
Сонымен қатар:
- "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шаралар шеңберінде есепте тұрған тұлғалар, қару иелері, шетел азаматтары тексерілді.
- "Шырша" және "Пиротехника" жедел профилактикалық іс-шаралары шеңберінде пысықтаулар басталды.
Осы ретте, Игорь Лепеха барлық мереке күндері полиция негізгі іс-шаралар өткізілетін орындарда қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз ететіндігін, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының қауіпсіздігін күшейтетіндігін, сондай-ақ жедел штабтардың жұмысы мен жол қозғалысын қадағалау ұйымдастырылатындығын атап өтті.
Бұған дейін Қазақстанда сәбізді экспорттауға тыйым салынатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:27, 25 желтоқсан 2025
Президент: Бизнесі мықты мемлекеттің халқы – бақуатты, қоғамы тұрақты болады
-
16:21, 25 желтоқсан 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тараз – ежелгі өркениеттің ізі қалған, жұртымыз үшін орны айрықша шаһар
-
16:17, 25 желтоқсан 2025
БЖЗҚ-дан артық қаражатты алу: Ұлттық банк қазақстандықтарға кеңес берді
-
16:04, 25 желтоқсан 2025
Түркістанда толық циклді тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша мақта агроөнеркәсіптік кешені іске қосылды
-
15:51, 25 желтоқсан 2025
25 желтоқсандағы сауда барысында доллар бағамы өсті





