Мемлекет басшысы СҚО-дағы іссапарынан кейін Қостанай облысындағы жағдайды білуге барды

16:48, 16 сәуір 2024

© Фото: zakon.kz

Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы су тасқынына байланысты жағдаймен танысты Солтүстік Қазақстан облысынан кейін Президент борты Қостанай облысына ұшып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қазіргі ахуалмен танысу үшін тікұшақпен су басқын аумақтарды аралап көрді.

Алматының дизайн-коды 2023 жылғы 29 желтоқсанда қабылданып, ағымдағы жылдың наурыз айында күшіне енді. Оның 7 бағытының бірі әр түрлі ақпарат құралдарын безендіруге және толтыруға, сондай-ақ олар орналасқан объектілерді безендіруге қойылатын талаптарды анықтайды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына байланысты өңірдегі алты аймақта төтенше жағдай жарияланғанын айтты. Облыстағы 492 ауылдың 11-і су тасқынынан зардап шекті. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды. Алайда әлі де 51 үй су астында қалып отыр. Бұдан бөлек, 4 көпірді, 7 жол учаскесін су шайып кеткен, 1414 электр бағанына нұқсан келді. Нәтижесінде Қостанай мен облыстың оңтүстігіндегі аудандар арасында көлік қатынасы қиындап, 13 елді мекенді электрмен қамтамасыз ету мәселесінде түйткілдер пайда болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!