Таразда ардагер қария тұратын көпқабатты тұрғын үй алдында тазалық жұмыстары жүргізілді

18:50, 29 сәуір 2024

© Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылдың 29 сәуірінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы шеңберінде Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Мүтәліптің үйінің кіреберіс жеріндегі қабырғаларды сырлау, ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Аталған игі шараға "Тұрғын үй жөндеу Тараз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері, қаланың белсенді жастары, волонтерлар белсене ат салысты.

Тазалық жұмыстары, Тараз, Ұлы Отан соғысы ардагері, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 18:50

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шара соңында Ұлы отан соғысының ардагері жастарға батасын беріп, алғысын жеткізді.

Ұлы Отан соғысының ардагері, Тараз, Таза Қазақстан акциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 18:50

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Таза Қазақстан" акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы шеңберінде қаламыздың жастары өз еріктерімен келіп тазалық жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, мұндай бастаманы жастарымыздың қолға алып, үйлестіріп отырғандарына шын жүректен қуаныштымын. Осы орайда, қаламыздың тұрғындарын "Таза Қазақстан" республикалық акциясына белсене қатысып, шаһар көркеюіне үлес қосуға шақырамын. Осы арқылы әрбіріміз қала тазалығын сақтап ғана қоймай, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен ұлттық тәрбиеге баулиды", – деді қарт майдангер ағынан жарылып.

Жастардың өнегелі ісіне көпқабатты тұрғын үйдің өзге де тұрғындары дән риза.

Сырлау, Тараз, Таза Қазақстан акциясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 18:50

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!