«Қасақана от қойған». Атырау облысында өрт кезінде қаза тапқан қос баланың анасы да көз жұмды
© Сурет: pixabay
Атырау облысында пәтері өртеніп, екі баласынан айырылған ана да ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 29 сәуірде "Мой город" басылымы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"26 сәуірде сағат 3:30-да жансақтау бөлімінде балалардың анасы да көз жұмды. Әйелдің терісінің 90-95% күйік шалған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалаған болатын", делінген хабарламада.
Ал әйелмен бірге ауруханаға түскен ер адам есін білетіні нақтыланады. Ол Индер аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежесі деңгейінде бағаланады.
Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылы 25 сәуірге қараған түні Атырау облысының Индер ауданында бес қабатты үйдің терезелерінің бірінен түтін будақтап жатқаны туралы ақпарат жедел қызметтің бірыңғай нөміріне (112) келіп түскен болатын. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер екінші қабаттағы пәтердің отқа оранғанын анықтады. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жатын бөлмеден 10 және 7 жастағы балалардың денесін тапты. Олардың анасы мен бірге тұратын ер адам ауруханаға жатқызылды.
Кейінірек полиция департаменті пәтерге от қойылғанын хабарлады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:49, 20 мамыр 2024
Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды
-
22:04, 20 мамыр 2024
Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің екінші кезеңіне өте алмады
-
21:47, 20 мамыр 2024
Павлодар облысында ата-ана үш күн бойы балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген
-
21:18, 20 мамыр 2024
Шымкентте 24 жастағы әйел үшем дүниеге әкелді
-
21:18, 20 мамыр 2024
Шымкентте 24 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді