Александр Бублик Мадридтегі турнирде әлемнің 4-ракеткасына жол берді

17:08, 30 сәуір 2024

© Сурет: ktf.kz

Александр Бублик Мадрид ATP 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевке тап болды.

Осыған дейін қарсыластар өзара алты рет кездесіп, бәрінде ресейлік спортшы жеңген. Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Медведев сәтті ойнады – 7:6 (7:3). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Мадрид "Мастерс" жарысының төртінші айналымына дейін жеткен Бублик ATP Live рейтингісінде 17-орынға шығып тұр. Бұл оның жеке рекорды болмақ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!