«Видеоны өзі түсірген». Қайрат Нұртас тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19:44, 29 сәуір 2024

© Сурет: Instagram/kair_n

Танымал әнші Қайрат Нұртас көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 сәуірде әлеуметтік желіде әншінің көлік жүргізіп келе жатқан видеосы тарады. Видеода оның қауіпсіздік белдігін тақпағанын анық көруге болады.


Алматы қалалық полиция департаменті Zakon.kz-ға Қайрат Нұртастың бұл әрекеті үшін жазаланып үлгергенін жеткізді.

"Құқық бұзушыға қатысты шаралар қабылданды. Көлікті қауіпсіздік белбеуін тақпай жүргізгені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК – нің 593-бабы 2-бөлігі)", - деді полициядағылар.

2023 жылдың наурыз айының соңында Қайрат Нұртас Талдықорғандағы орталық алаң ішімен көлікпен жүргені хабарланды. Сонымен қатар, ол кезде де жол қозғалысы ережелерін бұзған сәтінің видеосын өзі түсірген. Сол кезде полиция "іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы автокөлік жүргізушісі Алматы аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы ("жол белгілері белгіленген талаптарды сақтамау") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын" атап өтті. Кейінірек тағы бір бұзушылық туралы хабарланды. 2023 жылы 28 тамызда Қайрат Нұртас көлігімен Жамбыл облысы Қордай ауданында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!