Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Франциядағы турнирде қола жүлдегер атанды

17:22, 30 сәуір 2024

© Сурет: olympic.kz

Францияның Мец қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

19 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Алан Құрманғалиев үшінші орын иеленді. Ол турнир барысында Иван Кан (Нидерланд), Ронд Брент (Нидерланд), Назар Солодкий (Украина), Вим Вердоншот (Германия) сынды спортшылардан басым түсті.

Жартылай финалда Алан жапондық Юхи Сакаидан 1:3 есебімен ұтылып, қола медаль иеленді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!