Астанада тағы бір көше ішінара жабылады

19:17, 29 сәуір 2024

© Сурет: gov.kz

Үстіміздегі жылдың 30 сәуірінен 6 мамырына дейінгі аралықта елорданың Игілік көшесі Жаңажол көшесінен Тайбұрыл көшесіне дейінгі учаскесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта Игілік көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз жүріс бағдарын алдын ала жоспарлап алуды, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанада Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі жол қозғалысы өзгеретіні белгілі болды. Сондай-ақ Сығанақ көшесі 2024 жылғы сәуірден қарашаға дейін ішінара жабылады. Бұл реттегі шектеу шаралары LRT құрылысы жұмыстарымен байланысты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!