Атырауда автобус түгі қалмай өртеніп кетті

20:58, 29 сәуір 2024

© Сурет: Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі

29 сәуірде сағат 15:08-те Атырау қаласындағы З. Қабдолов көшесінде орналасқан мекемелердің бірінің ауласында тұрған "Yutong" маркалы автобустың өртенгені туралы төтеншеліктерге хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар шақырту орнына уақытылы жетіп, өртті санаулы минутта оқшаулап, сағат 15:20 толықтай жойды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Атырау облысы ТЖД-дан алты құтқарушы, бір бірлік техника жұмылдырылды.

"Құрметті автокөлік жүргізушілері аталған оқиғаларды болдырмау үшін, денсаулығыңызды және мүлкіңізді сақтау үшін автокөліктегі өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау сұралады". Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!