Мемлекет басшысы Ливан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

10:40, 22 қараша 2026
MKZ: 1579074

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президенті Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан президенті берік достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Оман сұлтанын елдің Ұлттық күнімен құттықтаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!