WTA 125 турнирі: Құламбаева екі аптада екі рет чемпион атанды
© Сурет: Instagram/kulambayevaa
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чилидің Колина қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жұптық сынындағы жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құламбаева бұл жетістікке словениялық әріптесі Вероника Эрьявецпен бірге қол жеткізді.
Финалдық кездесуде қазақстандық-словениялық жұп турнирдің бірінші нөмірлі жұбы – украиналық Валерия Страхова мен ресейлік Анастасия Тихоновамен өзара бақ сынасты.
Жібек пен Вероника қарсыластарынан қаймықпай, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде олар 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, бір апта ішінде қатарынан екінші турнирде чемпион атанды.
Бір апта бұрын Құламбаева мен Эрьявец Колумбияның Сопо қаласында өткен дәл осындай санаттағы жарыста топ жарған болатын.
Айта кетейік, 2025 жылы қос теннисші Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 турнирінің жұптық сынында да жеңімпаз атанған еді.
Қазақстанның үшінші ракеткасының соңғы жетістіктері WTA жұптық рейтингіне де оң әсерін тигізді. Ертең ол рейтингте 86-орыннан 78-сатыға көтеріледі.
Осы нәтижелерге қарап, 2027 жылдың басынан бастап Жібекті WTA 250 және WTA 500 санатындағы турнирлерден жиі төбе көрсетеді деп болжауға болады.
Бұған дейін Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:55, 22 қараша 2026
Еліміздің екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты төрт жол учаскесі жабылды
-
12:06, 22 қараша 2026
«Реал» Ла Лига аясында қатарынан тоғыз матчта жеңіске жетті
-
11:38, 22 қараша 2026
Астана мен Алматының ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 22 қараша
-
11:25, 22 қараша 2026
Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды
-
10:57, 22 қараша 2026
Балқаш көліне балық алауға кетіп, оралмаған ер адам аман-есен табылды





