Словакияда Қазақстанның төрт азаматы ұсталды – СІМ

16:16, 21 қараша 2026
MKZ: 1579011

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Словакия Республикасында төрт қазақстандықтың ұсталғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство бұл ақпаратты растап, Словакия Республикасында Қазақстанның төрт азаматы ұсталғанынан хабардар екенін мәлімдеді.

"Азаматтарға консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр, туыстарымен байланыс орнатылды", – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Ведомство қазақстандықтардың не себепті ұсталғанын нақтыламады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!