FlyArystan Сауда және интеграция министрлігімен соттасып, жеңіліп қалды
© Фото: Zakon.kz
FlyArystan әуе компаниясы жолаушылардың құқығын шектейтін ішкі ережелеріне қатысты Сауда және интеграция министрлігімен соттасып, жеңіліп қалды. Сот министрлік берген нұсқаманың заңдылығын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуе компаниясына қатысты тексеруге жолаушының шағымы негіз болған. Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Комитетпен және Астана қаласы бойынша аумақтық департаментпен бірлесіп, жоспардан тыс тексеру жүргізген.
"Тексеру барысында FlyArystan-ның ішкі қағидаларынан жолаушылардың құқықтарын шектейтін бірнеше талап анықталды. Атап айтқанда, әуе компаниясы тасымалдау шарттарын біржақты өзгертуге, өз жауапкершілігін шектеуге, кейбір алымдарды заңсыз өндіріп алуға жол берген. Бұдан бөлек, жолаушылардың ақшасын қайтару құқығы шектеліп, тұтынушыларды ақпараттандыру және жазбаша наразылық хаттарды қабылдау талаптары бұзылған", – деп хабарлады ведомство.
Осыған байланысты министрлік әуе компаниясына заңбұзушылықтарды жою және ішкі тасымалдау қағидаларын Қазақстан заңнамасына сәйкестендіру туралы нұсқама берген.
Алайда FlyArystan тексеру нәтижелерімен келіспей, министрліктің нұсқамасын сот арқылы жоюға тырысқан.
2026 жылғы 21 шілдеде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әуе компаниясының талабын қанағаттандырудан бас тартты. Апелляциялық сот та бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Осылайша, сот тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарының әрекетін заңды деп танып, FlyArystan-ға берілген нұсқаманың негізділігін растады.
Сауда және интеграция министрлігі әуе компанияларының ішкі ережелері заңмен кепілдік берілген жолаушылардың құқықтарын шектемеуге тиіс екенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:32, 21 қараша 2026
Дзюдошы Әділжан Жаудинов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының 1/2 финалына шықты
-
13:21, 21 қараша 2026
Трамп шетелде деректер орталықтарын салатын америкалық IT-компанияларға ірі санкциялар салатынын ескертті
-
12:46, 21 қараша 2026
Осы үш жұлдыз белгісінің өкілдерін қаржылық молшылық күтіп тұр
-
12:17, 21 қараша 2026
«Челси» Дастан Сәтпаевты өз қарамағына қайтарды
-
11:53, 21 қараша 2026
«Кейде қорқынышты»: Михаил Шайдоров маңызды шешімнен кейін жанкүйерлеріне үн қатты





