22 қарашада елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

16:25, 21 қараша 2026
MKZ: 1579014

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

"Қазгидромет" 2026 жылғы 22 қарашада Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жексенбі, 22 қарашада "Қазгидромет" болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Елдің оңтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Тек шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!