Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады

12:06, 19 қараша 2024

© Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қарашада Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметінше, Қазақстан Президенті Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!