АШМ және ЦДИАӨМ ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша пилоттық жоба іске қосылды
© Фото: pexels
Министрліктердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы АШМ және ЦДИАӨМ бірлескен бұйрығына қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат интеграцияны қамтамасыз етуді көздейді:
- "Е-agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі" және "Электрондық деректерді бірыңғай сақтау орны" ақпараттық жүйелерімен;
- "Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесінің "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесімен интеграциясы қамтамасыз етілсін.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде және өзінің ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін "Smart Bridge"-де өтінім беру арқылы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша "Е-agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің интеграциясын іске асыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеке сәйкестендіру және бизнес-сәйкестендіру нөмірлері бойынша дәйекті деректерді ұсыну шеңберінде ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылын;
- "Smart Bridge"-ге өтінім беру арқылы дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисіне қосылуды;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде Пилоттық жоба шеңберінде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ДҚБ сервисі арқылы дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алуды қамтамасыз етсін.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрлігі мыналарды қамтамасыз етуі керек:
- 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде ББАЖ-ның және СМАЖ-дың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізуді және оң нәтижелері бар хаттамалар алуды;
- Бірыңғай талаптарға сәйкестік жөнінде шаралар қабылдауды;
- Бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының және АҚЖО-ның Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылының болуын.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп, Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында "Smart Bridge" платформасы арқылы техникалық бөлім бойынша қажетті сервистерге қосылуды қамтамасыз етсін.
Бірлескен бұйрық 2024 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және 12 ай бойы қолданылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:36, 19 қараша 2024
Еліміздегі жосықсыз жеткізушілерге артық ҚҚС қайтаруды болдырмау жоспарлануда
-
14:11, 19 қараша 2024
Қостанай облысында адасып кеткен малшы табылды
-
13:57, 19 қараша 2024
Перзентханадан айыппұл тұрағына: кортеж қатысушыларына сот үкімі шықты
-
13:35, 19 қараша 2024
Қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін алудың «жаңа» тәсілі ұсынылуда
-
13:08, 19 қараша 2024
Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылды